Жарияланған күні: 12.06.2019 14:09
Өзгертілген күні: 12.06.2019 14:12

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 01.01.2019 ж. бастап, Салық кодексінің 166-баптың 7-тармағында БКМ чегінде көрсетілуге жататын ақпарат тізілімі келесі мазмұндамада кеңейтілгеніне назар аударады:

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;

14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.

Салық кодексінің  13-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Салық кодексінде белгіленген БКМ қолдану кезінде қойылатын талаптарды сақтау  салық төлеушінің міндеті болып табылады.

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті.