Жарияланған күні: 23.05.2018 10:24
Өзгертілген күні: 23.05.2018 10:25

Салық төлеушілерді салық органдарына тіркеу және тіркеуді есепке алу. Салық есебі.

заңды тұлғаның салықтық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ ұсынылатын құжаттарды қысқарту жолымен құрылымдық бөлімшенің, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында қызметін тоқтату рәсімі 58-баппен жеңілдетілді;

74-баппен салықтық процедурларды оңайлату мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебі қысқартылды;

тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беру жолымен өзгертуге жататын заңды тұлғалардың, құрылымдық бөлімшелердің тіркеу деректерінің тізбесі 77-баппен қысқартылды (мемлекеттік кірістер органдары арқылы заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту функциясы жойылды);  

93 бабымен талап қоюдың мерзімі ішінде қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілерді мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтату туралы норма көзделген; 

97 бабына сәйкес салық төлеушінің жеке шотынан бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді-көшірмені бір жұмыс күні ішінде беру уақытын азайту көзделген;

98 бабына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру актісі алынып тасталды;

101 бабына сәйкес бюджетке артық төленген төлемді (қосылған құн салығын қоспағанда) анықтау үшін салықтық кезеңге байланыс алынып тасталынған артық төленген сомасын қайтару тәртібі 15 жұмыс күнннен 10 жұмыс күніне қысқартылды;

108 бабына сәйкес мемлекеттік бажды қайтару кезінде төлем құжатты ұсыну қажеттылыгы алынып тасталынған;