Date of publication: 31.03.2015 09:21
Date of changing: 08.05.2015 12:30

 Акциздік маркаларды кедендік декларациялау

 

Кеден Одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №263 шешімімен «Тауарларға арналған декларациялар ретінде көлік құжаттарын, коммерциялық және басқа да құжаттарды пайдалану тәртібі туралы» нұсқау бекітілген.

Нұсқаудың ІІІ бөлімі 12-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, тауарларға арналған декларациялар ретінде көлік құжаттарын, коммерциялық және  басқа да құжаттарды тізбелерді ұсынумен, оның ішінде Кеден одағына мүше-мемлекеттерде өндірілген акциздік және арнайы маркаларға қатысты да, қолдануға болады.

Нұсқаудың І бөлімі 3-тармағына сәйкес, тауарларды декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялардың электрондық көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Тауарларды тауарларға арналған декларациялар ретінде көлік құжаттарын, коммерциялық және басқа да құжаттарды  пайдаланып, кедендік декларациялау кезінде, декларант немесе кеден өкілі кеден органына  осы құжаттарға қоса Нұсқауға сәйкес тауарлар тізбелерін ұсынады.

Нұсқаудың 13-тармағына сәйкес, тауарларды осы аумақтан әкету қарастырылатын кедендік рәсімге тауарларды орналастырылатын кезде, Нұсқауға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша үш бірлікте толтырылған тізбе ұсынылады.

Сонымен қоса, әр парақ толтырған тұлғамен қол қойылып, мөрмен куәландырылады, егер кеден одағына мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, бұл тұлғада мөр болуы қажет болса.

Тізбеге қоса кеден органына тауарларды шығару шешімін қабылдау үшін қажетті Кодекске сәйкес,  қарастырылған құжаттарды ұсыну керек.

Тауарларды шығару немесе оларды шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде кеден органы лауазымды тұлғасы тізбелер бірліктеріне сәйкесінше белгілер қойылады, шешім шығарылған күн, қол қойылумен және жеке нөмірлі мөрмен куәландырылады.

Бұдан кейін декларантқа немесе кеден өкіліне тізбенің екі бірлігі қайтарылып, тауарларды шығару орнындағы кеден органына бір бірлігін ұсыну үшін қайтарылады.

Cонымен қатар, Кеден Одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №263 шешімі туралы толығырақ ақпаратты «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінен және Евразиялық экономикалық комиссияның «www.eurasiancommission.org» ресми сайтынан  біле аласыздар.