Date of publication: 05.05.2016 11:44
Date of changing: 05.05.2016 11:53

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс

                   Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73288

99105

І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ. 160000 ОҚО, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 66 үй, 210 каб., байланыс телефоны 8(7252) 21-13-13,  факс 8(7252) 21-33-84, электрондық мекен-жайы: rasembekova@taxsouth.mgd.kz,  ra.asembekova@kgd.gov.kz

«Б» корпусы бос  әкімшілік  мемлекеттік  лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

        1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің   Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы, уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 21.01.2017 жылға дейін,  (С-R-4 санаты) 1 бірлік.

    Функционалды міндеттері: бөлімнің орталықтандырылған тапсырмаларын орындау, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық түсуін, міндетті зейнетақы қорына толық және дер кезінде аударылуын қадағалау, салықтық қарызы бар салық төлеушілерге уақытылы хабарлама жіберу, борышкерлермен жұмыс жүргізу.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономикалық, құқықтану, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, салық ісі мамандығы бойынша білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын; "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықты әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (С-R-4 санаты)  3 бірлік.

       Функционалды міндеттері: бөлімнің орталықтандырылған тапсырмаларын орындау, ҚҚС есебінде тұрмай жұмыс істейтін салық төлеушілерге құжаттық тексерулер, заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге қарсы және рейдтік тексерулер, салық төлеушінің қолданыстағы заңдарға негізделген жалпы табысы мен шығынын анықтау мақсатында хронометраждық тексерулер жүргізу, тексеру актісі бойынша қарыз салықтарды, және басқа да міндетті төлемдердің, Қосымша құн салығының  бюджетке уақытылы түсуін, қамтамасыз ету және зерттеу актілерін жүргізу. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін уақытылы және толық орындауын бақылау, камералдық бақылау жасау көзделген шарттарды асыра пайдалануды, арифметикалық қателіктерді анықтау, салық түсімінің динамикасын бақылау. Акциз салықтарының дер кезінде және толық түсуін қамтамасыз ету, акциздік бекеттердің қызметін бақылау, акциздік өнімдердің өндірісі және айналымымен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарда, бюджетке акциз төлемдерінің толық мерзімді және дұрыс төленуі мен лицензиялық, кәсіптік низамдары мен Ережелердің орындалуы мақсатында салықтық тексерулер жүргізу, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактілерін анықтау, салық төлеушінің қолданыстағы заңдарға негізделген жалпы табысы мен шығынын анықтау мақсатында хронометраждық тексерулер, зерттеу актілерін жүргізу. Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу, жанама салықтарын төлеу және тауарларды кіргізу туралы өтініштері бойынша талдау жасау және оларға хаттар дайындау, жанама салықтардың уақытылы түсуін қамтамасыз ету, дұрыс есептелуіне тексерулер жүргізу,

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономикалық, құқықтану, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, салық ісі мамандығы бойынша білім.  Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;  "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі; jсы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

       3.Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы  бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (С-R-4 санаты) 2 бірлік.

       Функционалды міндеттері: бөлімнің орталықтандырылған тапсырмаларын орындау, өндірістік емес төлемдер бойынша бекітілген болжамдық жоспардың орындалуын қамтамасыз ету, бекітілген төлемдер бойынша түсім, алашақ және берешек динамикасына талдау жүргізу, өндірістік емес төлемдер бойынша салық төлеушілерге және уәкілетті мекемелерге тексерулер жүргізу, жеке тұлғалардың жергілікті салықтарын есептеу, оларға хабарламалар тарату, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу, жергілікті салықтардың бюджетке уақытылы және толық түсуін қамтамасыз ету.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономикалық, құқықтану, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, салық ісі мамандығы бойынша білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын; "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

      Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап   5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

Құжаттарды қабылдау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ индекс 160000 ОҚО, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 66 үй, 210 каб., байланыс телефоны 8(7252)21-13-13, факс 8(7252)21-33-84, электрондық мекен-жайы rasembekova@taxsouth.mgd.kz,  ra.asembekova@kgd.gov.kz  жүзеге асырылады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________
(мемлекеттік орган)  

                                                        Өтініш

    Мені_______________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

      Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар:      _________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

________                                            _______________________________
             (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.