Date of publication: 10.03.2015 16:19
Date of changing: 31.07.2018 12:11

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар назарына.

 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (әрі қарай – СЭҚҚ) және олардың өкілдерінің назарына келесі ақпаратты жеткіземіз.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Ақмола, Алматы, Түркістан облыстары мен Астана және Шымкент қалаларының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерді.

Сонымен қатар, техникалық себептерге байланысты, келесі Мемлекеттік кірістер басқармаларында (әрі қарай – МКБ) тіркелген СЭҚҚ-дың дербес шоттарына онлайн-төлемдерді таратып жазу (разноска) уақытша жүзеге асырылмайды:

- Түркістан облысы бойынша МКД  Жетісай ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Келес ауданы  бойынша МКБ;

- Шымкент қаласы бойынша МКД «Оңтүстік» МКБ;

- Шымкент қаласы бойынша МКД Әл-Фараби ауданы бойынша  МКБ;

- Шымкент қаласы бойынша МКД Абай ауданының МКБ;

- Шымкент қаласы бойынша МКД Еңбекші ауданы бойынша МКБ;

- Шымкент қаласы бойынша МКД Қаратау ауданы бойынша МКБ;

- Шымкент қаласы бойынша МКД Шымкент қаласы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Бәйдібек ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Ордабасы ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Отырар ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Қазығұрт ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Төлеби ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Мақтаарал ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Сайрам ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Сарыағаш ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Созақ ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Түлкібас ауданы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Шардара ауданы  бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Арыс қаласы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы бойынша МКД Кентау қаласы бойынша МКБ;

- Түркістан облысы  бойынша МКД Түркістан қаласы бойынша МКБ.

Осыған байланысты, СЭҚҚ мен олардың өкілдері «Қазақсан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 12.02.2018 жылғы №159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап (№671 бұйрық 19.07.2018ж.), кедендік төлемдер мен салықтар бойынша төлемді алдын-ала жүргізуі тиіс, атап айтқанда кедендік декларацияларды шығарғанға дейін 2-3 жұмыс күні бұрын.

        

ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың назарына!

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылғы 3 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №168 «Кеден өкілдерінің, соның ішінде мемлекеттік кірістер органына ақпаратық технологияларды пайдаланып есептілікті ұсыну қағидасы, Бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсуінің және олардың осы дүкенде сатудың есебін жүргізу,  сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну және кедендік аумақтықта (кедендік аумақтан тыс) қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін кедендік рәсімдерін қолдану және есептердің нысанын бекіту қағидасы туралы» бұйрығының күшіне енгенін хабарлайды.

Аталған бұйрық 2015 жылғы 22 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

Осыған орай, көрсетілген есептілік нысандарын тапсырғанда аталған бұйрықтың талаптарын басшылыққа алуларыңызды сұраймыз.

 

 

ОҚО бойынша МКД

Кедендік рәсімдеу басқармасы

 

 

 

Кедендік декларациялау жөніндегі маман аттестатын берудегі өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 32-бабына сәйкес, кеден өкілінің атынан кедендік декларациялау жөніндегі іс-әрекеттерді жасауға біліктілік аттестаты бар кедендік декларациялау жөніндегі маман құқылы.

Бұл ретте, кедендік декларациялау жөніндегі маман аттестатын алу үшін біліктілік емтиханын тапсыру қажет.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 наурыздағы №238 «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен біліктілік емтихандарын жүргізу құқықтары бар аумақтық органдардың тізбесі, біліктілік емтихандарын жүргізу тәртібі, сондай-ақ біліктілік аттестаттың, бейдждің және кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың жеке нөмірлік мөрлерінің нысандары белгіленген болатын.

Егер бұрын, біліктілік емтихандары тек белігілі 6 өңірлік Мемлекеттік кірістер департаменттерінде жүргізілетін болса, жаңа ережеге сәйкес, мұндай емтихандар барлық аумақтық Департаменттерде өз алдына өтетін болады.

Бұл ретте, біліктілік емтиханын тапсыру үшін оны жүргізгенге дейін, аумақтық Департаменттерге еркін нысандағы өтінішті табыс ету қажет.

Өтінішке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) техникалық және кәсіптік немесе жоғарғы білімін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

3) 3,5х4,5 сантиметр көлеміндегі екі түрлі-түсті фотосы қоса беріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №124 бұйрығымен «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы» бекітілген.

Жаңа тәртіп бойынша біліктілік аттестаттар біліктілік емтиханын жүргізген мемлекеттік кірістердің аумақтық органының жауапты лауазымды тұлғасы дайындайтын болады.

Бұл ретте, кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестаттарын беру біліктілік емтихандарын тапсырған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

 

ОҚО бойынша МКД

Кедендік бақылау басқармасы

 

 

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің шарттары жетілдірілді

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №269-V ЗРК «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына (бұдан әрі- Заң) сәйкес кәсіпкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамаларының алпыстан аса баптарын қамтыды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодексіне (бұдан әрі- Кодекс) де маңызды өзгертулер енгізілді.

Атап айтқанда, Кодекстің 287 бабына сәйкес декларант қандай жағдайларда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылмайтындығы туралы нақты көрсетілген.

287-бап. Декларанттың жауаптылығы

Декларант, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік декларацияда көрсетілген анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды табыс еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Декларант мынадай жағдайларда:

1) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;

2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;

3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа тартылмайды.