Date of publication: 24.02.2016 15:21
Date of changing: 24.02.2016 17:23

Заңмен кедендік және салықтық тексеру нәтижелеріне шағым беру және қарау рәсімдерінің біріздендіруі көзделген.

Атап айтқанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден кодексіне енгізілген түзетулермен мынадай өзгерістер енгізілді:

- 175-баптың 1-тармағымен шағымды беру тәсіліне қарай беру күні регламенттелген;

- 175-баптың 2-4-тармақтарымен шағымды берген тұлғаның өтінішхаты бойынша шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру көзделген;

- 175-баптың 1-тармағымен және 178-баптың 1-тармағымен жұмыс күндерінде шағымды беру және қарау мерзімдерін есептеу белгіленген, бұл ретте мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымын қарау үшін  – шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленді;

- 178-баптың 2-тармағымен шағымды қарау кезінде тексеру барысында ұсынылмаған құжаттар берілген жағдайда жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындау мүмкіндігі белгіленді;

- 178-баптың 2-тармағымен шағымда жазылған мәселелер бойынша кездесу өткізу мүмкіндігі бекітілді;

- Салық кодексімен белгіленген рәсіммен ұқсастығы бойынша 179-баптың 3-тармағына сәйкес шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда хабарлама шығарған мемлекеттік кірістер органы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және жібереді.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 670-бабының 1 және 3-тармақтарына, 672-бабының 3-тармағына, 680-бабының 1-тармағына және 682-бабына, сондай-ақ Кеден кодексінің 178-бабының 1-тармағына және 180-бабының 3-тармағына енгізілген өзгерістермен жаңа шағымға толықтырулар ұсынылған жағдайда шағымды қарау мерзімін он бес жұмыс күніне ұзарту рәсімі енгізілді.

Салық кодексінің 669-бабының 2-тармағына және Кеден кодексінің 177-бабының 2-тармағына енгізілген өзгерістермен шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген фактілері белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органы шағымды берген тұлғаны шағымды қараудан бас тартатыны туралы хабарлайтыны анықталды.