Date of publication: 11.01.2019 12:26
Date of changing: 11.01.2019 12:27

Салық төлеушілер назарына!

 

  «Whatsapp» мессенджері арқылы жауап алуға

 мүмкіндіктеріңіз бар!

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті                       8-771-898-92-55 нөмірімен «Whatsapp» мессенджері арқылы салықтың есептелуі, төленуі, пайда болған қарыздары бөлігінде жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтарын қоюға, сонымен қатар, бақылау-касса машиналарын қолданбауға және чекті ұсынбауға қатысты шағымдарын  жолдауға болатынын назарларыңызға жеткізеді.

Сұрақтарды жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады. Сондай-ақ, жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша (көлік құралдары салығы) немесе орналасқан жері бойынша (жер, мүлік) мемлекеттік кірістер басқармаларына  жүгінуге болады.

Сонымен қатар, Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы және «Электрондық үкімет» порталында «Салықтық берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы ақпарат» электронды сервисі арқылы онлайн режимінде ЖСН бойынша салықтық берешектің болуы/болмауы туралы ағымдағы ақпаратты алуға болады.

Комитеттің www.kgd.gov.kz  интернет ресурсында («Электрондық сервистар - Экспресс көмек - Электрондық сервистар - «Калькуляторлар» - «Автокөлік салығын есептеу») сервисі іске қосылған. Осы сервис арқылы автокөліктің қозғалтқыш көлемін және салық төлеу жылын көрсете отырып салық мөлшерін онлайн режимінде есептеп, бұл сілтеме арқылы жеке тұлғалар көлік салығының мөлшерін  біле алады.

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті.