Date of publication: 13.12.2018 10:54
Date of changing: 13.12.2018 10:57

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2018 жылдың 11 айында атқарған жұмыстары  қорытындысы

бойынша есебі

 

2018 жылғы 12 желтоқсанында Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің 2018 жылдың 11 айында  атқарған жұмыстары қорытындысымен  бұқаралық-ақпарат құралдарының қатысуымен  брифинг өтті.

Брифингке Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  басшысының орынбасарлары Е.Елшібеков, Е.Саудабаев және басқарма басшылары қатысты.

Бірінші есеппен мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы және осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы баяндамамен Департамент басшысының орынбасары Е.Елшібеков сөз сөйлеп, а.ж. 11 ай қорытындысымен комитет құзыретіне жататын кірістер бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 121,7 млрд.тг болса, нақты 128,9 млрд.тг өндірілді немесе 7,2 млрд.тг. артығымен қамтамасыз етіліп, жоспар 106% орындалғанын жеткізді. Оның ішінде, республикалық бюджет – 106,7% немесе 5,2 млрд.тг артық, ал, жергілікті бюджет – 104,6%, жоспардан 2 млрд.тг артық орындалғаны туралы атап өтті.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 13 қарашасынан бастап Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық аумақтық аудандары мен қалаларының қызметкерлері «Атамекен» ҰКП және «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалдарының өкілдерімен бірлесіп облыстың сауда орындарында кәсіпкерлердің салық заңнамасы нормаларын орындауы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, 1000-ға жуық азаматтар кәсіпкер ретінде Мемлекеттік кірістер басқармаларында тіркеліп, 18 азамат бақылау-кассалық машинасын тіркеген.

Екінші баяндамамен Департамент басшысының орынбасары Е.Саудабаев сөз сөйлеп, өз сөзінде, Департаменттің құрамында алты шекаралық, екі ішкі кеден бекеті қызмет атқаратынын атап өтті. Кеден бекеттерімен 14 539 тауарларға арналған декларация (бұдан әрі – ТД) ресімделген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 4 036 ТД немесе 38,4% артып отыр.

Департаменттің тауар айналымы 523,5 млн. АҚШ долларды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 75,5 млн. АҚШ долларға немесе 16% ұлғайып отыр.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан облыстың өткізу пунктері арқылы өтетін («Б.Қонысбаева», «Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт» кеден бекеттерінде) автокөлік құралдарының ағынына тұрақты түрде мониторинг жүргізілетініе назар аударды, тауар тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасап әрі уақыттарын үнемдеп, кеден бекеттері арқылы жылдам өтуді қамтамасыз ету мақсатында, Департаментінің сайты мен әлеуметтік желілерінде аталған өткізу пунктеріндегі автокөліктердің ағыны жөнінде күнделікті (екі рет  9-00 сағ. және 21-00 сағатқа) ақпаратты алуға мүмкіндік қаралғанын атап өтті.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет нәтижелерін қорытындылай келе, барлық іске асырып жатқан іс-шаралар, бюджет түсімдерін толық және уақытылы түсуін қамтамасыз етіп қана қоймай, бизнес-ортаны жақсартуға, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қолданыстағы заңнаманың сақталуын, жеңілдетуге бағытталғанын айтып, оң нәтижелі  көрсеткіштерге жетуге мемлекеттік кірістер департаменті бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Брифинг барысында, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді, атап айтқанда, салық және кеден заңнамаларына қатысты  өзекті тақырыптарға, сонымен қатар, экономикалық қылмыспен күресу іс-шаралар туралы.

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті.