Date of publication: 08.05.2015 12:47
Date of changing: 08.05.2015 12:53

 

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығына сәйкес, 2015 жылдың 2 мамырынан бастап Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері қолданысқа енді.

    Аталған критерийлерге сәйкес, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, келесі жағдайларда жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды:

 

  1. мұндай тауарлар:

шикізат;

тауарларды өндіру үшін арналған, жартылай фабрикаттар;

жиынтықтаушы бұйымдар болып табылса;

  1. тауарлардың саны мынадай көрсеткіштерден асса:

киiм және киім заттары – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;

төсек-орын керек-жарақтары – бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық;

кілемдер және басқа еденге жаятын тоқымалар – бiр  адамға бiр атаудағы 2 (екi) зат;

бас киiмдер – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;      

аяқ киiм – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;

ан терісінен жасалған бұйымдар -  бiр  адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

былғарыдан жасалған бұйымдар -  бiр  адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

дәретханалық керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар - бiр адамға бір атаудағы 3 (үш) зат;

тамақ өнiмдерi – бiр адамға 10 (он) килограмм;

ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 2 (екі) бірлік;

тұрмыстық техника және электр аспаптары – бiр адамға әр атаудағы 1 (бiр) зат;

зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

жеке пайдалануға арналған жоғарыда аталмаған басқа да заттар - бiр адамға әрбiр атаудағы 2 (екi) зат;

3) кеден одағының кедендік шекарасы  арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен асса.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса  кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

         Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

 

ОҚО бойынша МКД

Кедендік ресімдеу басқармасы

Саудалық емес айналым бөлімі